Біздің музейде көрерменнің назарын аудартатын сурет сақталуда. Қарапайым ағаш айлақта, биік шөптер мен ағаштар арасында тұрған қайығы бар батпақты тоған өте қызықты және жайлы болып көрінеді. Барлық табиғат найзағайды күтуде тым-тырыс қалыпта. Аспанды қара бұлттар басты, бірақ бұлт арасынан қызыл күрең күн сәулесін көруге болады.Су бетіне ағаштардан қалың көлеңке түсіп тұр. Тек жапырақтар дірілі мен су айдынында жылжып бара жатқан кіші тұңғиықты байқауға болады. Пейзаж табиғаттың жай-күйінің эмоциялық берілуінің жаңа қабылдауын көркем кескіндеме сұлулығы арқылы беруде.
Киселев өз шығармашылығында әртүрлі жерлердің табиғатын бейнелейді. Бұл Ресейдің Орта жолағының аяқ баспаған табиғат аумағы және Кавказ тауларының ұлы көріністері.
Музей жинағындағы «Тоғанда» атты картина 1906 жылы автор шығармашылығының соңғы кезеңінде жазылған. Киселев шынайы сезіммен осы жақындап келе жатқан табиғаттың бір-тұтас құбылысына толы пейзаж жазды, онда өзгеріссіз жазу мәдениеті сақталып отыр.
Александр Александрович Киселев (1838-1911) Свеаборгте (Финляндия) офицер отбасында дүниеге келген. Александр отбасының дәстүрі бойынша 1852 жылы Петербург Кадет корпусына түседі. Ол оқуын бітірмей, 1858 жылы Петербург университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Оны осы оқу орнынан студенттік көтеріліске қатысқаны үшін шығарып жібереді. 1861 жылы ол Көркем өнер академиясының еркін тыңдаушысы болады, оны 1865 жылы класс суретшісі атағымен аяқтайды. Кейін Киселев Харьковқа жол бұрады, онда ұзақ уақыт бойы кескіндемемен айналысуды қойып, Земельный Банкінің хатшысы болып жұмыс істейді. 1874 жылы Харьковтағы жылжымалы көрме, ескі достармен кездесу оның кескіндеме өнеріне қайта оралуына түрткі болады. 1876 жылдан бастап Серіктестік мүшесі және жылжымалы көрмелердің тұрақты қатысушысы. 1897-1911 жылдар аралығында суретші профессор, Көркемсурет академиясының пейзаждық класс жетекшісі болды.