Ән падишасы – Роза Бағланова!
Киелі ән әлемінде патшайым атанған, қазақ елінің маңдайына біткен жарық жұлдызы Роза Бағланованың әуелеген әндері халық жадында мәңгі қалды. Биыл жер-жерде Роза Тәжібайқызының дүниеге келгеніне 100 жыл толған мерей тойы тойлануда. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде де игі іс-шаралар өтті. Кеш ұйымдастырушылары Абешова Жанар мен Муратбекова Арайлым әншіге арналған өлең жолдарын оқып, автордың…