Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейінде Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне көрменің ашылуы және сән көрсетілімі
Бүгін Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің ескі залдарында жарқын, керемет оқиға өтті. Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне музей Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен, сондай-ақ облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығымен бірлесіп «ҒАСЫРЛАР ТЕРЕҢІНЕН» көрмесінің ашылуын және қала сәнгерлерінің коллекцияларының «ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімін ұйымдастырды. Бұл үлкен мереке «НАУРЫЗНАМА» онкүндігі аясында өтті.…