Жаңалықтар

Бүгін Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің ескі залдарында жарқын, керемет оқиға өтті. Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне музей Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен, сондай-ақ облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығымен бірлесіп «ҒАСЫРЛАР ТЕРЕҢІНЕН»  көрмесінің ашылуын және қала сәнгерлерінің коллекцияларының «ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімін ұйымдастырды. Бұл үлкен мереке «НАУРЫЗНАМА» онкүндігі аясында өтті.

Бұл екі оқиға да халық дәстүрлері мен ұлттық өнердің сұлулығын дәріптейтін үйлесімді ансамбльге айналды. XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы зергерлердің зергерлік жұмыстары, былғарыдан және ағаштан жасалған бұйымдар, Қ-Ғ. Қаржасовтың, А. Бижановтың кескіндемелік картиналары, А. Рахмановтың графикалық парақтары, Н. Өтепбаевтың сюжеттік композициялары  және басқа да суретшілердің көптеген туындылары отандық сәнгерлер Сәрсембаева Жұлдыз «Руна», Әйгерім Маркашқызы «Құлыншақ», Жанна Баймұратованың «Этно» коллекцияларында вариациялармен көрсетілді. Отандық сәнгерлердің сән брендтерін көрсетуді «BRILLIANT MODELS» мектебінің тәрбиеленушілері жүзеге асырды, олардың негізін қалаушылар Мадина мен Назира Еділбековтар.

Көрмеге қойылған көркем шығармалар музей коллекциясының бөлігі болып табылады. Көрме экспозициясында ұйымдастырылған мұқият таңдалған,  ерекше эстетикамен олар іргелес залда өткен сәнді оқиғамен біртұтас массив ретінде қабылданды.  А. Бижановтың шығармаларындағы көшпелі қазақтардың өмірі «Руна» коллекциясының ою-өрнегі мен атрибуттарында көрініс тапты; Н.Өтепбаевтың «Немере», «Түстен кейін», «Тау баурайында» композицияларындағы балалық шақтың жылы естеліктері «Құлыншақ» коллекциясының сүйкімді балалар бейнелерінде көрініс көрді.  Қаржасовтың «Күй», Ошақ басы» шығармаларындағы шынайы, әсерлі мотивтер, көрменің витриналарындағы көне әшекейлер «Этно» нәзік әйел образдары топтамасында реприза болып өтті.

Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония дайындаған музыкалық нөмірлер мерекені толықтырды. Құрманғазының музыкасы шырқалды, домбыра шертелді, қобыз бен жетіген ойналды. Оқиға ұмытылмас, әсерлі, эмоционалды және өте маңыздылығымен ерекшеленді.