Оқушылармен кездесу

Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, музей мен мектептің ынтымақтастығы маңызды. Бүгін орыс тілінің онкүндігі аясында № 44 орта мектепте Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері көшпелі көрме өткізді, онда музей коллекциясында сақталған жұмыстардың репродукциялары ұсынылды. Көрмені өткізу шығармашылық пен өзара түсіністікті қалыптастырды. Кездесу қазақстандық шеберлердің, оның ішінде біздің Семей суретшілерінің туындыларын көруге мүмкіндік берді. Музей…

Үлкен жүрек тоқтағалы

Осыдан қырық күн бұрын ардақты азамат, қадірлі суретші, сүйікті ұстаз, Шәкәрім университетінің профессоры Нұрбұлан Нұғыманұлы Өтепбаев дүниеден өтті. Нұрбұлан Өтепбаев өзінің шығармашылық өмірінде көрермендерін басты кейіпкері Ұлы Дала әлемі болған туындыларымен қуантты. Нұрбұлан Нұғыманұлы өмірге деген сарқылмас сүйіспеншілікке толы, зейінді, зерделі, өнерлі адам еді. Осы күні біз шебердің осыдан 3 жыл бұрын жазылған сұхбатымен бөліскіміз келіп…

Отбасы – бақыт мекені

2013 жылы Елбасы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Осы мереке қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің ұжымы баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасыға амандық, құт-береке тілейді! Әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болсын! Осы мейрам күндері Невзоровтар музейі сіздерді…