Үлкен жүрек тоқтағалы
Осыдан қырық күн бұрын ардақты азамат, қадірлі суретші, сүйікті ұстаз, Шәкәрім университетінің профессоры Нұрбұлан Нұғыманұлы Өтепбаев дүниеден өтті. Нұрбұлан Өтепбаев өзінің шығармашылық өмірінде көрермендерін басты кейіпкері Ұлы Дала әлемі болған туындыларымен қуантты. Нұрбұлан Нұғыманұлы өмірге деген сарқылмас сүйіспеншілікке толы, зейінді, зерделі, өнерлі адам еді. Осы күні біз шебердің осыдан 3 жыл бұрын жазылған сұхбатымен бөліскіміз келіп…