Музейдегі ерлі-зайыптылардың көрмесі
Музейде көбінесе бір суретшінің жеке көрмесі өтеді. Осы жолы «Атадан аманат» көрмесі — бір отбасының жеке көрмесі ретінде ашылды. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Сәкен Назархан мен Камбышева Шұғыла Әбдірахманқызы көрермендерге көп жылдық жұмыстың нәтижесі болып табылатын туындыларын ұсынды. Бұл ежелгі халықтық дәстүрлерді жалғастыруға және сақтауға бағытталған отбасылық шығармашылық. Сәкен мен Шұғыла – біздің отандастарымыз, көптеген көрмелерге…