Жаңалықтар

Музейде көбінесе бір суретшінің жеке көрмесі өтеді. Осы жолы «Атадан аманат» көрмесі — бір отбасының жеке көрмесі ретінде ашылды. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Сәкен Назархан мен Камбышева Шұғыла Әбдірахманқызы көрермендерге көп жылдық жұмыстың нәтижесі болып табылатын туындыларын ұсынды. Бұл ежелгі халықтық дәстүрлерді жалғастыруға және сақтауға бағытталған отбасылық шығармашылық.

Сәкен мен Шұғыла – біздің отандастарымыз, көптеген көрмелерге қатысушылар. Олардың есімдері Семейде ғана емес, бүкіл Қазақстанда кеңінен танымал. Сәкен Назарханұлы Қазақстанның Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі, «Ең үздік дизайнер» медалімен марапатталған, сондай-ақ Қазақ ұлттық дизайн академиясының академигі атағына ие. Невзоровтар отбасы музейінде өткен көрменің ашылуында оған тағы бір марапат табысталды. Абай облысы бойынша «Ауыл» партиясының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы оған «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, ал Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Алғыс хатын басқарманың бас маманы Абдуллин Жасұлан Нұрланұлы табыстады.

Сәкен Назарханның туындылары көптеген коллекцияларда, атап айтқанда Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінде, Абайдың «Жидебай Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейқорығында, Қазақстан, Жапония және Ресейдің жеке коллекцияларында сақталған.
Көрмеге қойылған әрбір шығарманың өзіндік сипаты бар. Әрбір зат ежелгі дәстүрлерге деген сүйіспеншілікпен және терең құрметпен жасалған.

Бұл отбасы үшін сәндік-қолданбалы өнер, тек шығармашылық ғана болып табылмайды. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан туған үйдің жылуы, және тұтастай алғанда, бұл олардың өмір салты. Өйткені шығармашылық олардың өмір сүруінің ажырамас бөлігіне айналды.