Жаналықтар

Жаналықтар

18 наурыз — Ұлттық киім күні.

18 наурыз — Ұлттық киім күні. Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері бұл күнді өздерінің ұлттық нақыштағы киімдерімен қолдады. Бүгін музейдің әрбір қызметкерінен ұлттық киім элементтерін көруге болады. Бұл — дәстүрге деген құрмет пен халықтың мәдени мұрасын сақтауға деген ұмтылыстың белгісі. Осындай рәміздер арқылы біз өткенді құрметтеп қана қоймай, оның құндылықтарын келешек ұрпаққа

18 наурыз — Ұлттық киім күні. Read Post »

Жаналықтар

Ұлттық киімнің көркі

Ұлттық киімнің көркі Наурызнама көктемнің әр күнін жаңа мәнмен әрлеп, әрбір таңды мерекеге айналдырады. Наурыздың 18-і — ұлттық киімге арналған күн. Бұл күні көшпелі өмірдің үнін сақтаған дәстүрлі киімдер, олардың нәзік өрнектелген ерекшеліктері мен тігісіне жан бітірген асыл маталар қайта жаңғырып, өткеннің рухын бүгінге жеткізгендей болады. Абай облысындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі

Ұлттық киімнің көркі Read Post »

Жаналықтар

Алақандағы жылу

Алақандағы жылу Отбасында — ортақ істерде, шығармашылықта және шынайы қарым-қатынаста туындайтын ерекше жылулық бар. Дәл осындай сәттер қымбат естеліктерге айналады. Отбасылық құндылықтар күніне орай, «Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында музейде «Алақандағы жылу» атты керамика бойынша шығармашылық отбасылық тренинг өтті. Шығармашылық кездесуге музейдің Балалар көркемсурет студиясының тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге қатысты. Көзеші ұршығының басында балалар мен ересектер ең

Алақандағы жылу Read Post »

Жаналықтар

Мектепке келген өнер…

Мектепке келген өнер… Наурызнама аясында мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай Семей қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектепте Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі қорынан алынған суретшілердің факсимильді туындыларының көшпелі көрмесі өтті. Көрмені музей қызметкерлері Сивашова Юлия Валерьевна мен Абешова Жанар Жұмағазиновна ұйымдастырып, өткізді. Бір күнге мектептің қабырғалары өнердің ғажайып әлемімен әрленіп, ерекше рухпен

Мектепке келген өнер… Read Post »

Жаналықтар

Өнегелі өмір жолы. Салт‑дәстүрге құрметпен… Омарғалиева Нағым Солтанқызы.

Өнегелі өмір жолы. Салт‑дәстүрге құрметпен… Омарғалиева Нағым Солтанқызы. Наурыз мейрамы – жаңару мен жаңғырудың, ұлттық рух пен салт-дәстүрдің салтанат құрған мерекесі. Соңғы жылдары елімізде бұл мереке аясында «Наурызнама» онкүндігі ұйымдастырылып, әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып келеді. Соның бірі – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күн халқымыздың рухани мұрасын, мәдени құндылықтарын, соның ішінде қолөнерді

Өнегелі өмір жолы. Салт‑дәстүрге құрметпен… Омарғалиева Нағым Солтанқызы. Read Post »

Жаналықтар

Көктемнің шуағы әр жүрекке жылу сыйлайды…

Көктемнің шуағы әр жүрекке жылу сыйлайды… Терезе сыртында қыстың лебі әлі сезілгенімен, күнтізбе көктемнің келгенін аңғартады. Ал көңілде оның нәзік шуағы біртіндеп сезіле бастайды. Әсіресе жанында ойы терең, сөзі әсерлі адамдар болып, сұлулық, өмір, көктем мен мереке жайлы сырлы әңгіме өрбігенде, көктемнің тынысы айқын сезіледі. Наурыздың алғашқы күндерінде Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі

Көктемнің шуағы әр жүрекке жылу сыйлайды… Read Post »

Жаналықтар

Қорғансыз өнер

Қорғансыз өнер Біздің қаланы жиі «тарихтың шежіресі» деп атайды. Мұнда талай тарихи кезеңдердің үнін сақтаған, небір тағдырлар мен бірегей тұлғалардың ізі қалған көне сәулет нысандары аз емес. Сондықтан, өткінші пайда үшін сәулет ескерткіштерінің жойылып, олардың орнына талғамсыз, сапасыз, асығыс тұрғызылған көріксіз көпқабатты үйлер мен бизнес орталықтардың көбейіп бара жатқаны жанға батады.Бірақ, бақытымызға орай, бүгінде «тарихтың

Қорғансыз өнер Read Post »

Жаналықтар

Табиғаттың үні қандай?

Табиғаттың үні қандай? Табиғаттың сан алуан үні бар. Жазда жапырақ сыбдыры естіледі, көктемде бұлақтар сыңғырлап ағады, қыста қар сықырлайды, ал жазда құстар әуенге салады. Табиғат сан түрлі үнге толы алып симфониялық оркестр іспетті. Алайда оның әуені кейде машиналардың гүрілінде, зауыттардың гуілінде, қаланың айқай-шуында көмескі тартып қалады. Тынымсыз заманауи өмірдің ала-құла дабылының арасынан әлемнің үйлесімді үнін

Табиғаттың үні қандай? Read Post »

Жаналықтар

Музейге коллекция сыйға тартылды

Музейге коллекция сыйға тартылды Абай облысының Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі тағы бір құнды сыйлыққа ие болды – алматылық коллекционер Байсеитова Лена Әділханқызы музейге қазақстандық суретшілердің туындыларынан тұратын коллекцияны тарту етті. Бұл – музей ұжымы үшін қуанышты оқиға. Барлығы 61 шығарма сыйға берілді. Олардың арасында қазақстандық өнердің ірі шеберлерінің де туындылары

Музейге коллекция сыйға тартылды Read Post »

Scroll to Top