Жаңалықтар

   Құрметті достар, қала көркемсурет мектептері мен студияларының оқушылары! Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз және «Менің Абайым» балалар шығармашылығының онлайн конкурсына қатысуға шақырамыз!

Карантиннің жалғасуы мен оқу жылының аяқталуына байланысты конкурс өткізу мерзімі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылатынын хабарлаймыз!

Біз өтінім қабылдауды маусым айының соңына дейін жалғастырамыз, ал конкурстың қорытындысын Астана күні 6 шілдеде жариялаймыз. Бұл тамаша, өйткені енді сіздерде шығармашылықпен айналысуға көп уақыт пайда болды! Біз сіздердің жұмыстарыңызды асыға күтеміз!! Қосылыңыз!!

Конкурс аяқталғаннан кейін Невзоровтар музейі залдарында сіздердің жұмыстарыңыздың көрмесі өтетінін еске саламыз. Сондықтан, оларды сақтап қойыңыздар  және карантин аяқталғаннан кейін суреттерді музейге әкелуді өтінеміз. Көрме аяқталғаннан кейін барлық жұмыстар қатысушыларға қайтарылады.

Барлық сұрақтар бойынша 8 705 6725489 телефоны бойынша эстетикалық тәрбие беру бөлімінің басшысы Ольга Андреевна Неудачинамен хабарласыңыз. Жұмыстар мен өтінімдерді электрондық мекен-жайға жіберу: http://olga_uchilka@inbox.ru.