Назар аударыңыз! «Менің Абайым» балалар шығармашылығының конкурсы жалғасуда…

   Құрметті достар, қала көркемсурет мектептері мен студияларының оқушылары! Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз және «Менің Абайым» балалар шығармашылығының онлайн конкурсына қатысуға шақырамыз! Карантиннің жалғасуы мен оқу жылының аяқталуына байланысты конкурс өткізу мерзімі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылатынын хабарлаймыз! Біз өтінім қабылдауды маусым айының соңына дейін жалғастырамыз, ал конкурстың қорытындысын Астана күні 6 шілдеде…

Өнер мен махаббат.  Виктор Сухов және Анна Несина.

   Виктор мен Анна Омбы қаласында көркемсурет  училищесінде оқып жүрген  кездерінде  танысады. Оларды классикалық кескіндемеге деген жалпы қызығушылықтары жақындатады. Оқуды аяқтағаннан кейін Виктор Алма-Ата қаласына келеді, көркем сурет студиясында Н. Крутильников, А. Черкасскийлардан дәріс алады. Анна Несина,  Новосібір облысы Маслянино ауылының тумасы,  күйеуімен бірге  Қазақстанға келеді. Олар 1947 жылдан бастап Семей қаласында өмір сүре бастады.…