Жаңалықтар

Косплей – бұл барлық жастағы адамдар арасында танымал болған және заманауи поп-мәдениеттің өзіндік бағытына айналған хобби. Ол әдебиеттің, бейнелеу өнерінің, кинематографияның, мультфильмнің, компьютерлік ойындардың, комикстердің, аниме, манга және т. б. әртүрлі кейіпкерлерінің костюмдерін киюден және мінезін, дене пластикасын және мимикасын сомдап көрсетуден тұрады.

 

Қатысқыңыз келе ме? – онда бұл ақпарат Сізге арналған!

  1. Косплей сән көрсетілімі 18 мамырда Түннің басты сахнасында өтеді. Сіздің міндетіңіз — жасалған костюмді көрсету және дыбыс сүйемелдеуімен кейіпкердің сипатын ашу.
  2. Қатысуға 7 жастан асқан барлық тіркелген косплейшілер шақырылады. Бағалау екі жас категориясы бойынша жүргізіледі:

— 7 жастан 15 жасқа дейін;

— 16 және одан жоғары.

  1. 16 жасқа толмаған балалар Косплей сән көрсетіліміне ата-анасының біреуінің қатысуымен ғана қатысады.
  2. Сахналық көрсетілімге ұсынылатын костюм кем дегенде 50% қолмен немесе ассистенттердің көмегімен жасалған болуы керек.
  3. Конкурсқа қатысу үшін конкурстың кураторына 87075908899 WhatsApp нөміріне немесе alex-girs@mail.ru электронды поштасына нысан бойынша (төменде тіркелген) өтінімді жіберу қажет. Өтінім бекітілгеннен кейін қатысушы осы іс-шара бойынша құрылған жалпы чатына қосылады.
  4. Қатысуға өтінімдер тек 2024 жылдың 8 мамырына дейін қабылданады.
  5. Конкурстық нөмірлерді бағалаудың негізгі критерийлері:
  • қатысушы образының барлық құрамдас бөліктерінің көрсетілетін кейіпкерге сәйкестігі (жіберілген сурет негізінде);
  • образдың барлық құрамдас бөліктерін (соның ішінде макияж/грим, крафт, парик, аяқ киім және т.б.) орындаудың нақтылығы, дәлдігі, сапасы мен күрделілігі;
  • кейіпкердің мінезіне ену және қайтара ойнау;
  • сахналық қойылымның немесе дефиленің сапасы мен өзіндік ерекшелігі, оның ішіндегі дыбыстық сүйемелдеуі.
  1. Фестиваль ережелеріне байланысты көрсетілмдер кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерге байланысты көрсетілім кезінде жалаңаш денені көрсетуге және шектен тыс зорлық-зомбылық көріністеріне жол берілмейді; таң қалдыратын контент; есірткі және олардың туындыларын, алкогольді және темекіні насихаттау; дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды және/немесе артықшылықтарды насихаттау, сондай-ақ ЛГБТ нышандарын пайдалану; жынысты ауыстыруды ынталандыру насихаты.

 

P.S. Қатысушыларға ерекше тілек: Түннің жалпы тақырыбына сәйкес келетін кейіпкерді таңдасаңыз, тамаша болады, бұл Экология!

Барлық сұрақтар бойынша куратор Наталья Сергеевна Неделькинаға 87075908899 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Өтініш формасы:ӨТІНІШ