Бұл қызығушылық тек балалардың жүрегін ғана билеп қана қоймай, сонымен бірге ересек адамдардың жан дүниесінінің үн қатуына себепкер болады.
Саясат пен экономика туралы әңгімелер күн жаңалықтарымен қиылысқан керемет XIX ғасырдың зайырлы салондарында ойын-сауық ерекше орын алды. Қарым-қатынас тек жеке қатысым болған дәуірде сапарлар мен шақырулардан бас тарту қызық мінезді және тақуа адам ретінде саналу қаупін тудырды.
Зиялы қауым ежелден театрдың сиқыры мен қайта түрленудің күшін бағалаған. Алайда, көрермен болу, крепостнойлық актерлердің ойынын көру немесе ложадан операдан ләззат алу бір бөлек, ал импровизацияланған сахнаға шығып, жиналғандарды өз таланттарымен баурап алу мүлдем басқа. Берілген сөздер негізінде ойналатын күрделі көріністерімен шарадалар аса қызығушылық тудырған.
«Тірі картиналар» да танымал болды. Олардағы жарыстастық элементі шарадаларға қарағанда ерекшеленбесе де, қатысушылар зеріге қоймайды. Кейіпкерлерді таңдау, қызметшілердің көмегімен ескі сандықтар мен шкафтардан алынған костюмдер мен әшекейлер жасау, сәнді шаш пен мұқият жасалған макияж – осының бәрі шабыттандыратын атмосфераны қалыптастырды және шығармашылық қиялға мүмкіндік берді.
Бұл әйгілі кейіпкерлерге пародия жасау және киіну ойыны XIX ғасырдың сүйікті ойын-сауығы болды және қазіргі әлемде жалғасын тауып, КОСПЛЕЙ деп аталатын бүкіл мәдени құбылысты тудырды.
Косплей – бұл барлық жастағы адамдар арасында танымал болған және заманауи поп-мәдениеттің өзіндік бағытына айналған хобби. Ол әдебиеттің, бейнелеу өнерінің, кинематографияның, мультфильмнің, компьютерлік ойындардың, комикстердің, аниме, манга және т. б. әртүрлі кейіпкерлерінің костюмдерін киюден және мінезін, дене пластикасын және мимикасын сомдап көрсетуден. Шабыт көзі әдебиет, кино, анимация, компьютерлік ойындар, комикстер және, әрине, өзінің шексіз қиялы болуы мүмкін.
Біздің музейде КОСПЛЕЙ көрінісінде кейіпкерді ұсынуға қатысқыңыз келе ме? – онда бұл ақпарат Сізге арналған!
Биылғы жылы КОСПЛЕЙ-ДЕФИЛЕ конкурсы XIX ғасыр тақырыбында өткізіледі! Бұл нені білдіреді? Көркем образды бейнелеуді іске асыру үшін сіз әдебиет, музыка, театр және өнер кейіпкерлерін пайдалана аласыз, сонымен қатар олар сол кездегі танымал тұлғалар болуы мүмкін.
Конкурс 18 мамырдағы Түнгі сахналардың бірінде өтеді. Сіздің міндетіңіз — жасаған костюмінізді көрсету және кейіпкерді аудио сүйемелдеуімен сомдап беру.
Қатысуға 5 жастан асқан барлық тіркелген косплейерлер шақырылады.
САНАТЫ:
Бағалау екі жас санатында жүргізіледі:
— 10 жастан 18 жасқа дейін;
— 18 жас және одан жоғары;
— 5 жастан 10 жасқа дейінгі жас санаты дефилеге конкурстық негізден тыс қатысады және қатысқаны үшін марапатталады
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– 16 жасқа дейінгі балалар косплей дефилесіне тек ата-анасының біреуінің жеке қатысуымен ғана қатыса алады.
– Көрсетілімге ұсынылған костюм кем дегенде 20% өз қолымен немесе көмекшілердің көмегімен жасалуы керек.
– Дайын киімнің бөліктерін егер ол образға сәйкес келсе пайдалануға рұқсат етіледі.
– Киім мен кейіпкердің образын, өз қолыңызбен жасалған бөлшектер мен аксессуарларды жасауға өзіндік шығармашылық көзқарас өте маңызды
– Конкурсқа қатысу үшін конкурс кураторына WhatsApp 87075908899 нөміріне электронды түрде немесе alex-girs@mail.ru электрондық поштасына (төменде қоса беріледі) нысан бойынша өтінім беру қажет. Өтінім мақұлданғаннан кейін қатысушының телефон нөмірі осы іс-шара бойынша жалпы чатқа қосылады.
– Қатысуға өтінімдер тек 2025 жылдың 8 мамырына дейін қабылданады. Өтінім мәтіндік құжат түрінде толтырылады және кураторға жіберіледі (Өтінім нысанын мақаланың соңында жүктеп алыңыз)
– ҚР заңнамасында белгіленген шектеулерге байланысты өнер көрсету кезінде жалаңаш түрінде, шамадан тыс зорлық-зомбылық көріністерін көрсетуге; шок контент; есірткі мен олардың туындыларын, алкоголь мен темекіні насихаттауға; дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды және/немесе қалауларын насихаттауға, сондай-ақ ЛГБТ символикасын қолдануға; жынысты ауыстыруды насихаттауға көріністерін көрсетуге жол берілмейді.
КОНКУРСТЫҚ НӨМІРЛЕРДІ БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
— қатысушы образының барлық компоненттерінің (жіберілген сурет негізінде) таңдалған кейіпкерге және жалпы тақырыпқа сәйкестігі;
— образдың барлық құрамдас бөліктерін (соның ішінде макияж/грим, крафт, парик, аяқ киім және т.б.) орындаудың нақтылығы, дәлдігі, сапасы мен күрделілігі;
— кейіпкердің мінезіне ену және қайтара ойнау;
— сапа және шығармашылық тәсілдеме.
Барлық сұрақтар бойынша телефон және WhatsApp арқылы хабарласыңыз:
+7 797 590 88 99
Косплей-дефиленің кураторы Неделькина Наталья Сергеевна.