Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің балалар көркем сурет студиясының оқушылары Халықаралық әйелдер күніне арналған «Үйлесімнің үш бейнесі»
Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің балалар көркем сурет студиясының оқушылары Халықаралық әйелдер күніне арналған «Үйлесімнің үш бейнесі» көрмесінің ашылу салтанатында қонақ болды. Іс-шара аясында көрменің кураторы Г.Д. Сарсембина экспозиция бойынша әсерлі экскурсия өткізіп, қатысушыларды ұсынылған туындыларда бейнеленген көркем бейнелер мен терең идеялар әлемімен таныстырды.










