Бейсекенов Румхан Смаилұлының 85 жылдық мерей тойына

Биыл 14 ақпанда жерлесіміз суретші Бейсекенов Румхан Смаиылұлы 85 жасқа толып отыр.

Болашақ шебер сурет өнерімен бала кезінен құмарланған. Сегіз жыл бойы «екінші үйі» болып келген Пионерлер үйіндегі суретшілер үйірмесіне қатысып В.И. Межинская, П.Т. Мельников, В.Н. Занарин сияқты ұстаздардан білім алған. Болашақ мамандығын таңдауға да ықпалын тигізген сол үйірме болды. 1957-1962 жылдары Р.С. Бейсекенов Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем училищесінде оқыды. Кейіннен ол Омск педагогика институтының көркем графика факультетін аяқтап (1969-1974) жоғары білімді де алды. Өмір бойы Румхан Смаилұлы білім беру саласында, қалалық мектептерде, техникумдарда (политехникалық және жеңіл өнеркәсіптік), Семей педагогикалық институтында, Шәкәрім атындағы СМУ колледжінде қызмет етті. Сол кездердің бәрінде Румхан Смаилұлы шығармашылықпен белсенді айналысып келді. Оның шығармаларының ішінде тарихи, көтеріліс тақырыбындағы картиналар, пейзаждар,портреттер, натюрморттар бар.

1975 жылы суретші кеңес полициясының 55 жылдығына арналған «Әрқашан сақ» атты Алматыдағы республикалық көрмеге қатысқан.  2008 жылы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде дербес көрмесін өткізді. 2009 жылы Өскемендегі облыстық көрменің қатысушысы, Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы музейінің 25 жылдығына арналған «Пленэр 2010» көрмесіне қатысқан.  2012 жылы Невзоровтар отбасы атындағы  бейнелеу өнері музейінде жеке көрмесі өтті.

Білімді, талапкер Румхан Смаилұлы әрқашан туған өлкеміздің тарихына қызығушылық танытқан және соның бәрі ол адамның шығармашылық жолында айқын ашылған. Сондықтан болар, жұмыстарының көбі «Ескі Семей» топтамасын ұсынады. Бәріне мәлім революцияға дейінгі қалада көптеген мешіттер мен шіркеулер жұмыс жасаған,  кейінгі жылдары қирау тағдырына ұшыраған. Ал автор, мұрағат құжаттарына сүйене, қираған ғимараттардың бет бейнесін көркем жандандырып, сол кезеңнің лебін, сәулетті пейзаждарға қала тұрғындарын, ат арбаларды және тағы да басқа қоршаған ортаны енгізуге тырысқан.

Бейсекенов шығармаларында туған елінің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылықты да байқауға болады. 2000-шы жылдары суретші акварель техникасында қазақ халқының «Еңлік-Кебек» аңызындағы ең әсерлі «Айтыс», «Өлім жазасы», «Билер соты», «Айқас» поэмаларын бейнелейді. Акварельдің көкшіл-сұр түсі сюжеттің қайғысын ерекше жеткізді. Суретшінің Красноярск өлкесін аралау кезінде жазылған керемет пейзаждары «Ағаш сәулет», «Ауылдағы қыс». Румхан Смаиылұлы Жаңғыз-Төбеге сапарында «Ауыл еңбегі» топтамасын жазды. Ауыл көшелері, тұрғындардың күнделікті тұрмысы – мұның бәрі автордың шығармаларында бейнеленген. Туған өлкесінің мәдениеті мен тарихына бей-жай қарамайтын көрермендер үшін Румхан Бейсекеновтің шығармалары қашанда қызығушылық тудырады.  Олар облысымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлшегіне айналды.

К 85 летнему юбилею Бейсекенова Румхана Смаиловича

В этом году 14 февраля исполняется 85 лет нашему земляку художнику Бейсекенову Румхану Смаиловичу.

Рисованием будущий мастер увлекся еще в детстве. Восемь лет он посещал свой «второй дом» — кружок рисования в Доме пионеров, где его учителями были В.И. Межинская, П. Т. Мельников, В. Н. Занарин.  Это и повлияло на выбор будущей профессии – с 1957 по 1962 год Румхан Смаилович учится в Алма-Атинском художественном училище имени Н.В.Гоголя. Позже он получил высшее образование, закончив художественно-графический факультет Омского государственного педагогического института (1969-1974). Всю свою жизнь Бейсекенов занимался педагогической деятельностью в городских школах, в техникумах (политехническом и легкой промышленности), в Семипалатинском педагогическом институте, в колледже СГУ им. Шакарима.

Помимо преподавательской деятельности, Румхан Смаилович активно занимался и творчеством. Среди его работ картины на исторические, революционные темы, пейзажи, портреты, натюрморты. В 1975 году художник участвовал в Алма-Ате на республиканской выставке «Всегда начеку», посвященной 55 годовщине советской милиции. В  2008 году была персональная выставка в Литературно-мемориальном музее Ф.М. Достоевского, в 2009 году он участник областной выставки в Усть-Каменогорске, выставки «Пленэр-2010», посвященной 25-летию музея имени семьи Невзоровых в Семее, а в 2012 году состоялась персональная выставка в музее изобразительных искусств имени семьи Невзоровых.

Образованный, начитанный, Румхан Смаилович всегда увлекался историей родного края, и это отразилось на его творчестве. Большая часть работ представляет серию «Старый Семипалатинск». Всем известно, что в дореволюционном городе действовало множество церквей и мечетей, которых в последующие годы постигла участь разрушения. На основе архивных документов и фотографий автор не только художественно воссоздает облик утраченных сооружений, но и всегда передает дух времени, вводя в архитектурные пейзажи фигуры горожан, повозки и прочий антураж.

В произведениях Бейсекенова также можно заметить интерес к истории родной страны, к ее культурному наследию. В 2000-е годы, в технике акварели, художник изображает самые яркие моменты из народной казахской легенды «Енлик-Кебек»: поэмы «Айтыс», «Поединок», «Суд биев», «Казнь». Общая синевато-серая гамма акварелей передает трагизм сюжета легенды.

Великолепны пейзажи, созданные художником во время путешествий по Красноярскому краю: «Деревянное зодчество», «Зима в деревне». Во время поездки в Жангиз-Тобе, Румхан Смаилович выполнил серию «Сельский труд». Улочки поселка, трудовые будни жителей – все это запечатлено в работах автора. Для зрителей, неравнодушных к культуре и истории родного края, будут всегда интересны призведения Румхана Бейсекенова. Они стали неотъемлемой частью культурного наследия нашего края.

Scroll to Top