[vc_row][vc_column][vc_column_text]Дәстүрлі Семей суретшілері шығармаларының ІІІ көрме-сайысы дарындылардың орасан салтанатты кешіне айналды. 85 автор 300 қылқалам туындыларын ұсынды. Портреттер, натюрморттар, тақырыптық композициялар, арт-объектілер, инсталляциялар –әр бір жанр өзінің эмоциялық тілімен біздің дарынды жерлестеріміздің шығармашылық толғаныстарын жеткізген.
Вернисажда сөз алғандар: Т.А.СТРОМСКАЯ – Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің басшысы, Н.В.ШАРОВА – қала әкімінің орынбасары, Г.К.ИСКАКОВА –Шәкәрім атындағы университетінің бірінші проректоры.
Осы көрме-сайысқа белсенділік танытып қатысқан барлық авторларға «Eurasia Agro Holding» ЖШС бас директоры Б.К.МҰКАШЕВ Б. К. шын жүректен алғысын білдіріп, сондай-ақ көрменің мазмұның әсерлі, өте қанық және мерекелі кылған жанрлардың және техникалардың әр түрлілігің атап өтті. Біздің құрметті қонағымыз көрермендерді фотосуреттердің күтпеген сюжеттерімен және ракурстарымен таңқалдырған көркем фотосуреттер авторларың да ерекше белгілеп өтті.
Б.К.МҰКАШЕВ мырза басқарған компания арқасында көптеген жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Материалдық көтермелеу әр түрлі санатта тапсырылды, нақты: «Кәсіпқой», «Студент», «Әуесқой». Жұмыстар келесі номинацияларда: «Кескіндеме», «Графика», «Көркем фотосурет» бағаланды.
Көрменің ашылу салтанаттына жүздеген, мыңдаған семейліктер қатысты. Экспозицияның көз тойдыратын сұлулығы мен байлығы бірнеше рет қайталап көру мен зерделеуді талап етеді. Біздің музей есіктері сулулықты тамашалауға асыға ұмтылғандарға әрдайым ашық.[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_column_text]
[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]