Мұрағаттық бейнематериалдар топтамасынан

Мұрағаттық бейнематериалдар топтамасынан. Шарденов Жанатай https://www.instagram.com/p/B-84xtDAE8X/ https://vk.com/id172779009?w=wall172779009_1554%2Fall https://www.facebook.com/muzei.nevzorovyh/videos/2567966520081776/?__cft__[0]=AZWRsf5CgHoVJrlFmwV7ML5gN1vRNWIYciuWTn9Ed94riSiCx6UX-lHXjYEGntR4qK6cYUtwgKE_3SOEtLQmarp4dZWezr8ze0k5IFcDplc2—6GlzeuNjuR1OOpkSrRZHwFk0Ua9esWxmQhCIYBq2Jl&__tn__=%2B%3FFH-R

Сильвестр Щедрин. Неаполь маңындағы күннің батуы кезіндегі көрініс

   Сильвестр Феодосиевич Щедрин (1791-1830) – тек орыс емес, батысеуропалық кескіндемедегі белгілі суретшілердің бірі. Дарынды суретші отбасынан шыққан, ол тоғыз жасында Өнер академиясының табалдырығын аттайды. Сильвестр Щедриннің балалық шағы сол жерде өтеді. 1817 жылы «Петров аралынан қарағандағы көрініс» туындысы үшін алтын медаль алған, Щедрин Академия зейнеткері ретінде Римге барады. Өмірінің соңғы жылдарын Неаполь қаласында өткізеді.…

Балалар ғарышты бейнелейді

   Ең кішкентай көрермендерге арналған шығармашылық бойынша видеороликтер сериясын жалғастырамыз. Бүгін музей қызметкері Айгерім Қаңтарбаева тұзбен қалай сурет салу керектігін айтып береді… https://vk.com/id172779009?w=wall172779009_1546%2Fall https://www.facebook.com/muzei.nevzorovyh/videos/2566450056900089/?__cft__[0]=AZWnGuZuIcHDEDkKRvdcWWycmxuA_tXCJr1Cs7chXtJwc3yWUIN8Xj7qu4k8fdz8kVM5ddbU0FBBVHP6q5JG-uYtDX7EeY5avSTOXjZE8GR1_td7qsRtPvVq-WlY06lo-uA-g5rltKCeEop3nCXqRWxk&__tn__=%2B%3FFH-R https://www.instagram.com/p/B-4PkSrgson/

В.Колмаков «Шеберханадан көшенің көрінісі”

   Виктор Белослюдовтың жазбаларының арқасында бізге алғаш рет Семейде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген және жұмыс істеген суретшілердің есімдері белгілі болды. Олар: О. Васильев,П. Полинин, В. Халдеев, В. Колмаков, Е. Рунин, А. Белослюдов. Бұл каталогтар бізге суретшілердің қандай жанрда: пейзаж, портрет, натюрморт, және негізінен барлығы акварель техникасында жұмыс істейтінін көрсетуге мүмкіндік…

Бәрі үйде болғанда…

   Музей коллекцияларына қол жетімділігі шектеулі кезеңде музей қызметкерлері әлемдік көркем мәдениеттің негіздері бойынша онлайн трансляция сериясын ұйымдастыруды шешті. Бұл жоба балалар көркемсурет студиясының оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған. Тәжірибелі музей педагогы, эстетикалық тәрбие бөлімінің басшысы Ольга Неудачина Сіздер үшін бірқатар дәрістік және практикалық сабақтар өткізеді, оның біріншісі – «Бейнелеу өнері тарихына кіріспе экскурс. 1-бөлім», бүгін,…

Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев

   Бейнелеу өнері ұлттық мектебінің негізін қалаушылардың бірі –  Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев 1938 жылы 15 ақпан айында, Қызылорда жерінде дүниеге келген. Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихында «Алпысыншы-жылғылар»  деген атау өзіндік бір із қалдырды. Атаудың өзі-ақ айтып тұрғандай,  бұл ХХ ғасырдың 60 жылдары еді. Бір топ жас суретшілер ұлттық кескіндеме және бейнелеу өнері мектебінде  постимпрессионизм мен монументалистік…

Эмили Стил. Луиза-Мери Латимердің портреті

Эмили Стил (1860-1913). Луиза-Мери Латимердің портреті.    Бұл жұмбақ-портрет  2011 жылы музейге жеке коллекциядан түсті. Автордың аты мен қыздың аты-жөні бізге жұмыстың артқы жағында бекітілген кішкентай жапсырмадан белгілі болды. «Луиза-Мери Латимер. Род. 15.10, умерла 7.12.43. Этот портрет, написанный её кузиной Эмили Стил был вывезен в Сидней в Австралию Поппи Уолш, урождённой Стил в 1874 году.…

Сақтай отырып, арттыра түсу

   Семей жері әрдайым өзіндік таланттарға бай. Музей халықтың материалдық және рухани құндылықтарын сақтаушы ретінде өзінің негізгі міндетін қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің заттарын сатып алу, сақтау және зерттеу ғана емес, сонымен қатар халық шеберлерін қолдау және ұлттық дәстүрлерді дамыту деп біледі.    2013 жылы музей «Қазақ қолөнерінің мерекесі» атты аймақтық көркем жобаға бастама жасады. Бұл жоба…