Музей коллекциясындағы неміс суретшілері.

Халық дегеніміз кім? Барлығына таныс бір энциклопедия бұл ұғымды былай деп анықтайды: «Тіл мен аумақтың ортақтығы, мәдениет пен өмірдің жақындығы, тарихи дамудың ортақтығы және кейбір жағдайларда бір мемлекетке тиістілік сияқты белгілердің жиынтығымен анықталатын адамдардың тарихи әлеуметтік ортақтығы». Ал егер энциклопедияға жүгінбесек? Халық дегеніміз кімдер? Бұл көрінбейтін байланыс, бұл туған әуеннің дыбыстарымен жүрек ырғағының соғуы немесе «бізде» ғана бар дәмді тағам, бұл жақын және алыс өмір сүретін адамдарды байланыстыратын БІЗ, бұл ана тілінің сөздерінен туындаған ойлар мен сезімдердің ауқымы. Жалпы халықты адаммен, жеке адаммен салыстыруға болады, ал халықтың тағдыры, сондай-ақ жеке адамның тағдыры бақытты немесе ауыр болуы мүмкін, ал оның өкілдері бүкіл әлем бойынша таралған.

Неміс халқының тағдыры қасіретке толы тарихи тағдыр. Халық тарихында қатыгез, қиын-қыстау, қайғылы және де жарқын кезеңдер де орын алды. Бах, Гёте, Ницше, Ремарк, Дюрер – мұндай есімдер санап бергісіз. Олар әлемдік мәдениетке әсер етіп, еуропалық өркениеттің келбетінің бір бөлігіне айналды.  Білім, ғылым үшін барлық жерде неміс шеберлері шақырылды. Петр заманынан бастап немістер Ресейге келе бастады. Олардың көпшілігі Екатерина дәуірінде Еділ жағалауына қоныстанды. Олар орыс мәдениетінің бір бөлігіне айналды. Немістер Орта Азияда да қоныстанды. Бұл халықтың көптеген өкілдері Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға күштеп көшірілді.  Уақыттың қай кезенің алсаңызда олардың арасында көптеген қызықты суретшілер кездеседі.

Бүгін Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде Германияның Нюрнберг қаласында Ресей немістерінің Бавария мәдениет орталығы (BDRK) бастаған «Музей коллекциясындағы неміс суретшілері» көрмесі өтіп жатыр.  Көрмеде бір дәуірге немесе бір елге жатпайтын неміс авторларының көркем және графикалық туындылары жинақталған. Олар уақыт бойынша және аумақтық жағынан шашыраңқы. Ф. фон Уде, Т. Граверт және кеңес дәуірінің суретшілері, Г. Манизер және И. Шкубер сияқты бұрынғы заман неміс шеберлерінің туындылары және, әрине, отандық суретшілердің туындылары да кездеседі.  Мәселен, көрермендер В.Шмидт пен В. Гофманның шығармаларымен қайта кездесе алады. Көрме тек екі залмен шектелмейді. Музейдің тұрақты экспозициясындағы неміс авторларының шығармалары да оның қисынды жалғасы болып табылады. Көрермендерді көрменің жанрлық және техникалық әртүрлілігі қуантады. Мұнда фарфорды сүйетіндер де көптеген қызықты нәрселерді таба алады, өйткені Т. Я. Кучерук неміс фарфорының жеке коллекциясы экспозицияға бай қосымша болды. 50-70 жылдардағы ГДР фарфор зауыттарының ыдыстары мен мүсіндері ең үлкен залдың витриналарында орналасқан.

Көрмені ұйымдастыруға Абай облысы бойынша «Возрождение» немістер қоғамдық бірлестігінің өкілдері де қатысты. Экспликация, этикетка сияқты барлық ақпараттық материалдар тек мемлекеттік және орыс тілдерінде ғана емес, сонымен қатар неміс тілінде де ұсынылып отыр. Бұл үшін музей аудармашылар Николай Шульмейстерге, Ольга Бедер мен Станислав Измайловқа алғыс білдіреді. Көрмені ұйымдастырушылар Бавария мәдени орталығының өкілдері Вальдемар Айзенбраун мен Юлия Подопригораға ризашылығын білдіреді.

Көрме бірнеше аптаға созылады және кейінірек Бавария мәдени орталығы дайындайтын виртуалды тур ретінде ұсынылады.

 

Scroll to Top